locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Санжар Ташкенбай кәсіпқой бокстағы дебютін қалай өткізді

Әлемнің екі дүркін чемпионы Нил Джакамосты жеңіп, чемпиондық белбеуге ие болды
ВИДЕО: Санжар Ташкенбай кәсіпқой бокстағы дебютін қалай өткізді
ФОТО: vesti.kz

Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай кәсіпқой рингтегі дебютін сәтті өткізіп, екінші жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астанада өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Ташкенбай филиппиндік Нил Джакамоспен (7-1) кездесті. Жекпе-жек толық 10 раундқа созылып, қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Ташкенбайға берді.

Филиппиндік боксшы жекпе-жек барысында бірнеше рет нокдаунға түсті, алайда айқасты соңына дейін жеткізіп, толық 10 раундты өткізді. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жекпе-жек жеңімпазы әрі чемпиондық белбеу иегері Ташкенбай атанды.

Осылайша, Санжар кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде-ақ екінші жеңіл салмақтағы WBA Asia титулын жеңіп алды.

Еске салайық, Ташкенбай әуесқойлар арасында әлемнің екі дүркін чемпионы (2023 – Ташкент, 2025 – Ливерпуль).

Ташкенбайдың кәсіпқой бокстағы сәтті дебютінің бейнешолуын төменнен тамашалауға болады.


Санжардан бөлек, әуесқой бокстан әлемнің тағы бір екі дүркін чемпионы Сәкен Бибосынов (2021 – Белград, 2025 – Дубай) та шаршы алаңға шықты. Ол тәжірибелі африкалық боксшы Иммануэль Йозефпен (18-4-1) сегіз раунд толық айқасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie