locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Санжар Тәшкенбай кәсіпқой рингтегі дебютінде чемпиондық белбеуге ие болды

Қазақстандық боксшы филиппиндік Нил Хакамосқа қарсы титулдық жекпе-жек өткізді
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай кәсіпқой рингтегі дебютін сәтті өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан өкілі бірінші ең жеңіл салмақтағы WBA Asia белбеуі үшін филиппиндік Нил Хакамосқа қарсы титулдық жекпе-жек өткізді. Кездесу Астанада IBA Nomad лигасы ұйымдастырған International Boxing Day турнирінің басты оқиғасы болды.

Титулдық жекпе-жек 10 раундқа жоспарланды. Қарсыластар кездесуді сақтықпен бастап, бір-бірінің мүмкіндіктерін байқап, бағалауға тырысты.

Үшінші раундта боксшылар белсендірек қимылдап, қарсы соққылар сериясын жасай бастады. Осы кезде Санжар бірнеше соққы өткізіп алды, соның салдарынан оның беті қанай бастады.

Төртінші раундта Санжар негізінен екінші нөмірмен жұмыс істесе, филиппиндік боксшы алға ұмтылды.

Бесінші үш минуттықта Тәшкенбайдың қарсыласы төзімділік танытты: Нил нокдаунға түскенімен, жекпе-жекті жалғастыруға күш тапты.

Нокдауннан кейін филиппиндік боксшы кездесуді жалғастырды, алайда негізінен екінші нөмірмен әрекет етті. Ал Санжар шабуылын үдете түсті. Бұл ретте оның көзі қанай берді.

Сегізінші раундта Тәшкенбай филиппиндікті екінші рет нокдаунға түсірді, бірақ ол бұл жолы да орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырды.

Тоғызыншы раундта Санжар барынша белсенділік танытып, қарсыласын арқанға қысты. Алайда Хакамос алған соққыларына қарамастан, тайсалмай, шешуші үш минутқа дейін жетті.

Мінез көрсеткен қайсар филиппиндік боксшы жекпе-жектің соңына дейін шыдап, барлық раундты толық өткізді. Төрешілердің шешімі бойынша кездесудің жеңімпазы әрі чемпиондық белбеудің иегері Санжар Тәшкенбай атанды!

Сондай-ақ турнирде өзінің кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізген Сәкен Бибосынов Намибия өкілі Иммануэль Йозефті жеңді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie