locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Қазақстан Өзбекстанды жеңіп, Әлем кубогында тағы бір финалға шықты

Виктория Графеева Қазақстанды Әлем кубогының финалына шығарды
Видео: Қазақстан Өзбекстанды жеңіп, Әлем кубогында тағы бір финалға шықты
ФОТО: Getty images

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының екінші кезеңінде сәтті өнер көрсетуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Виктория Графеева ұлттық құрама қоржынына тағы бір финалдық жолдама әкелді.

Жартылай финалда қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Ситора Турдибековамен кездесті. Жекпе-жек тартысты өткенімен, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Графееваға берді.

Кездесу 4:1 есебімен Викторияның пайдасына аяқталды. Осылайша ол финалға шығып, кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етті.

Енді Графеева турнирдің алтын жүлдесі үшін жұдырықтасады.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай да финалға шыққан еді. Ол жартылай финалда Таиланд өкілі Натнича Чонгпронгклангты жеңді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie