Сенсация: қазақстандық боксшы Азия ойындарында күресті күтпеген жерден тоқтатты
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында 1/8 финал кезеңінде күтпеген жерден жарыстан шығып қалды. Ол оңтүстіккореялық Ким Минсоннан жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық боксшы жекпе-жекке жаман кіріспей, бірінші раундта төрешілердің есеп жазбалары бойынша басым түсті. Алайда кейін басымдықты оңтүстіккореялық боксшыға бере бастады: екінші раундта төрешілердің пікірі екіге бөлінсе, үшінші раундта Минсон бірауыздан жеңіске жетті.
- Сондай-ақ оқыңыз: Махмұд Сабырхан Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласын білді
Осылайша, үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің 3:2 есебіндегі жазбалары оңтүстіккореялық боксшының пайдасына шешілді. Ол ширек финалға жолдама алса, Аққалықов беделді жарыста алғашқы кезеңнің өзінде күресін тоқтатты.
Еске салайық, 24 жастағы боксшы 2025 жылы Дубайда өткен IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2021 жылы Польшаның Кельце қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанған.