Артем Саркисян Олимпиада чемпионын жеңіп, Азия ойындарының медалін иеленді
Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Артем Саркисян Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық ерлер арасындағы қылыштасудан жеке турнирдің жүлдегері атанды.
Ширек финалда Саркисян Оңтүстік Корея өкілі До Гёндонды 15:14 есебімен жеңді. Ол командалық жарыста Олимпиада чемпионы атанған.
Жартылай финалда Артем тағы бір оңтүстіккореялық семсерлесуші О Сан Укпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Қазақстан өкілі қарсыласына 9:15 есебімен есе жіберіп, жеке турнирді қола медальмен аяқтады.
О Сан Ук — үш дүркін Олимпиада чемпионы. 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында ол жеке және командалық жарыстарда жеңіске жетсе, 2020 жылы Токиода командалық сайыста чемпион атанды.