«Қазақстандық жанкүйерлердің қолдауына өте қуандым» – Соня Жиенбаева
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Қазақстан мен Испания құрамалары арасындағы Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында испаниялық Джессика Бузас Манейроға қарсы өткен матчтың қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
20 жастағы қазақстандық теннисші тәжірибелі қарсыласына екі сетте – 2:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
«Өкінішке қарай, мен үшін матч өте қысқа болды. Әрине, бұдан да жақсы ойнағым келді. Дегенмен, жалпы алғанда, бүгін командамыз Испанияға қарсы жақсы өнер көрсетеді деп үміттенемін. Команда тарапынан орасан зор қолдауды сезініп тұрмын.
Юлия Путинцева маңызды матчтарда ойнағанды жақсы көреді, сондықтан бәрі қалай болатынын көре жатармыз. Жағдайды өз пайдамызға өзгерте аламыз деп үміттенемін. Жанкүйерлерге келсек, олардың дауысы анық естіліп тұрды. Қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы барына, әсіресе кортта қиын сәттер болған кезде, қатты қуандым», – деді Соня Жиенбаева.
Қазір Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі Юлия Путинцева Кристина Букшаға қарсы ойнап жатыр. Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шығу жолындағы күресті жалғастыру үшін Қазақстан құрамасына тек жеңіс қажет.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы турнирдің жартылай финалына тарихи жолдама алу үшін күресіп жатыр.
Командамыздың капитаны Юрий Щукин бұған дейін Қазақстан құрамасының Испания командасына лайықты қарсылық көрсетуге ниетті екенін мәлімдеген болатын.