Махмұд Сабырхан Азия-2026 ойындарындағы алғашқы қарсыласын білді
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Азия ойындарындағы-2026 алғашқы жекпе-жегін Иран өкілі Мехди Каземиге қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Қазақстанның екі дүркін әлем чемпионы Иран өкілі Мехди Каземимен кездеседі. Ол іріктеу кезеңінде Солтүстік Корея боксшысы Чон Рён Соны төрешілердің бірауызды шешімімен 4:1 есебімен жеңген.
Сабырхан мен Каземидің жекпе-жегі 24 қыркүйекте өтеді.
Азия-2026 ойындарында Қазақстан құрамасы барлық 11 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді: ерлер арасында алты, әйелдер арасында бес салмақ дәрежесі бар.
Ерлер құрамасына Махмұд Сабырхан (55 кг), Оразбек Асылқұлов (60 кг), Торехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (80 кг), Нұрбек Оралбай (90 кг) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) кірді.
Әйелдер құрамасында Алуа Балкибекова (51 кг), Назым Қызайбай (54 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікейева (65 кг) және Наталья Богданова (75 кг) өнер көрсетеді.
Қазақстандық боксшылардың барлық жекпе-жек кестесімен осы жерден танысуға болады.
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының бокс турнирі 21 қыркүйекте басталды. Жартылай финалдық сессиялар 29 және 30 қыркүйекте өтеді, ал барлық чемпиондық жекпе-жектер 2 қазанда ұйымдастырылады.