Мадиев пен «Стоматолог» арасындағы жекпе-жек екі нокдаун және төрешілер ұпайы бойынша жеңіспен аяқталды
Астанада IBA Nomad ұйымдастырған International Boxing Day турнирінде қазақстандық боксшылар арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (18-2-1, 6 КО) өз отандасы, «Стоматолог» лақап атымен танымал Имран Агаевқа қарсы рингке шықты.
Жекпе-жек ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өтіп, үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен Мадиевтің жеңісімен аяқталды. Жекпе-жек барысында Агаев екінші және үшінші раундтарда екі рет нокдаунға түсті.
Бұл Мадиев үшін 2025 жылғы қазаннан бергі алғашқы жекпе-жек болды. Ол сол кезде Намибия өкілі Абед Шиконгомен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, бүгін Астанада өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде Еркебұлан Тоқтар Өзбекстан өкілі Бобиржон Исроиловпен кездеседі. Тоқтар – Исроилов жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен шамамен 19:40-та басталады және осында қолжетімді болады.
Сондай-ақ Санжар Тәшкенбай Нил Хакамоспен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте IBF Asia ұйымының бірінші ең жеңіл салмақтағы белбеуі сарапқа салынады.
Қазақстандық жанкүйерлердің назары екінші ең жеңіл салмақта өтетін Сәкен Бибосынов – Иммануэль Йозеф жекпе-жегіне де аударылады.