Еркебұлан Тоқтар — Бобиржон Исроилов: IBA Nomad жекпе-жегін қайдан көруге болады
Жұма, 28 тамызда қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Астанада IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Тоқтар — Исроилов жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен шамамен 19:40-та басталады. Жекпе-жекті осы жаңалықтан тамашалауға болады.
Айқас суперорта салмақта кәсіпқой бокс ережесі бойынша өтеді. Қазіргі таңда Тоқтардың кәсіби бокстағы көрсеткіші — 2-0 (2 КО), ал Исроиловтың рекорды — 1-0 (1 КО).
Тоқтар соңғы рет желтоқсан айында рингке шыққан. Сол кезде ол өзбекстандық Тимур Никулинді (9-2-2, 4 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Исроилов та кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізген. Өзбекстандық боксшы отандасы Сирожиддин Уразалиевті (0-11) бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.