locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Джалоловтың Ташкенттегі турнирдегі келесі жекпе-жегі анонсталды

«Үлкен өзбек» шаршы алаңға қайта оралуға дайындалуда
ФОТО: uz.kursiv.media

Өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов Ташкентте өтетін IBA Nomad турнирінде жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев Астанадағы IBA Nomad турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Егер Джалолов дайын болса, қазан айында Ташкентте IBA Nomad турнирі өтеді. Сол жерде оның жекпе-жегін ұйымдастырайық», — деді Умар Кремлев.

Ол сондай-ақ Баходир Джалоловтың ауыр салмақтағы WBA әлем чемпионы Мурат Гассиевке қарсы жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.

«Рейтингтік жүйе бар. Джалолов міндетті үміткер атану үшін рейтингтің алғашқы ондығына кіруі керек», — деп қосты Умар Кремлев.

Еске салайық, Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін Баходир Джалолов кәсіпқой боксқа ауысатынын мәлімдеген болатын. Мамыр айында Баходир Джалолов Манчестердегі бокс кешінде жеңіске жетті. Ол кезде Хорватия өкілі Агрон Смакичиді нокаутқа түсірді.

Бұған дейін Кремлев Александр Головкинді ұлы чемпион деп атаған болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie