locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Умар Кремлев Головкинді ұлы чемпион деп атады

Спорт функционері Қазақстан ҰОК басшысының боксқа қосқан үлесін бағалады
Умар Кремлев Головкинді ұлы чемпион деп атады
ФОТО: Getty Images

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев Астанада өтетін IBA Nomad турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында World Boxing ұйымының ресейлік боксшылардың барлық құқықтарын толық қалпына келтіріп, оларға халықаралық турнирлерде ұлттық туы мен әнұраны арқылы өнер көрсетуге рұқсат беру туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Мен бұған дейін Қазақстанның ұлы чемпиондарды тәрбиелеп шығарғанын айтқанмын. Головкин — әлемдегі ең ұлы спортшылардың бірі. Оның да, менің де мақсатымыз — боксшылардың ештеңеге мұқтаж болмауы және ешқандай шектеуге ұшырамауы. Біздің ортақ мақсатымыз — барлық боксшының өз елін және өз халқын таныстыру мүмкіндігіне ие болуы.

Бұл жерде біз бірігіп боксшылар үшін ең жақсы жағдайларды жасай аламыз. Сондай-ақ Геннадийге тәуелсіздігі, табандылығы, талапшылдығы және боксшылардың мүддесін қорғағаны үшін алғыс айтқым келеді», — деді Кремлев.

Айта кетейік, World Boxing — 2023 жылы құрылған халықаралық спорт ұйымы. Ол бүкіл әуесқой боксты, соның ішінде олимпиадалық боксты басқарады. World Boxing ұйымын орта салмақтағы кәсіпқойлар арасындағы бұрынғы әлем чемпионы, Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин басқарады.

Бұған дейін танымал қазақстандық журналист әрі сарапшы Аян Төлеген World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларға халықаралық жарыстарда Ресей туы мен әнұранымен өнер көрсетуге рұқсат беру туралы шешімін түсіндірген болатын. Оның айтуынша, бұл шешім әлемдік бокстағы бәсекелестікті арттырады.

Еске салайық, келесі жылы Астанада World Boxing ұйымының лицензиялық әлем чемпионаты өтеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie