locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Біз тек үш раунд бокс жасауға үйренгенбіз»: Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы қиын дебюті туралы айтты

Әлемнің екі дүркін чемпионы кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті өткізді
ФОТО: sportilinet.kz

Қазақстандық бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Санжар Тәшкенбай Астанадағы IBA Nomad турнирінде кәсіпқой бокстағы жеңісті дебютінен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Тәшкенбай филиппиндік Нил Джакамоспен (7-1) кездесті.

Жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Санжар кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде-ақ екінші ең жеңіл салмақтағы WBA Asia титулын жеңіп алды.

Жекпе-жектен кейін Тәшкенбай қазақстандық жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтып, кәсіпқой мансабын ауқымды түрде жалғастыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Осындай керемет қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс айтқым келеді. Жеңіске жетіп, осындай титулды иеленгеніме өте қуаныштымын.

Жекпе-жек оңай болған жоқ. Бұл мансабымдағы жаңа әрі үлкен кезеңнің бастауы болады деп үміттенемін. Мұнымен тоқтағым келмейді. Сондай-ақ жаттықтырушым Нұржан Насановқа алғыс айтқым келеді».

«Біз тек үш раунд бокс жасауға үйренгенбіз»

Тәшкенбай әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысуы туралы да айтып берді. Қазақстандық боксшы үшін бұл жекпе-жек ұзақ қашықтықтағы алғашқы тәжірибе болды.

«Өте бақыттымын. Бұған дейін он раундтық осындай ұзақ жекпе-жекке қатысып көрмеппін, біз тек үш раунд бокс жасауға үйренгенбіз».

Еске салайық, Санжар – әуесқойлар арасында әлемнің екі дүркін чемпионы (2023 – Ташкент, 2025 – Ливерпуль). Сондай-ақ қазақстандық боксшы Азия ойындарына қатыспайды, себебі оның салмақ дәрежесі турнирдің ресми бағдарламасына енгізілмеген.

Санжардан бөлек, әуесқой бокстан әлемнің тағы бір екі дүркін чемпионы Сәкен Бибосынов (2021 – Белград, 2025 – Дубай) та өнер көрсетті. Ол тәжірибелі африкалық боксшы Иммануэль Йозефпен (18-4-1) сегіз раундтық жекпе-жекті толық өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie