locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы матчтарға арналған кеңейтілген құрамы жарияланды

Қараша айында ұлттық құрама екі кездесу өткізеді
Футбол
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы матчтарға арналған кеңейтілген құрамы жарияланды
ФОТО: КФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип ұлттық құраманың қараша айындағы матчтарына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Құрамға 38 ойыншы енді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Тізімде төрт қақпашы, 15 қорғаушы, 11 жартылай қорғаушы және 9 шабуылшы бар.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков, Бекхан Шайзада, Александр Заруцкий, Стас Покатилов.

Қорғаушылар: Әділбек Жұмақанов, Арсен Ашырбек, Әлібек Қасым, Ян Вороговский, Сергей Малый, Дамир Қасабулат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Санжар Сатанов, Владислав Васильев, Наурызбек Жағоров.

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Толыбай, Айбол Әбіken, Георгий Жуков, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов, Әбинұр Нұрымбет, Жасұлан Әмір, Елхан Астанов.

Шабуылшылар: Ислам Чесноков, Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев, Дастан Сәтпаев, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Артур Шушеначев, Рамазан Кәрімов, Артем Литош.

Қараша айында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 13 қарашада қазақстандықтар сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнайды. Кездесу Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді және Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Ал 16 қарашада Джон ван ’т Схип шәкірттері «Астана Аренада» Словакия құрамасын қабылдайды. Матчтың басталуы 20:00-ге жоспарланған.

С3 тобының төрт турында Қазақстан құрамасы 2 ұпай жинап, соңғы орында тұр. 10 ұпайы бар Словакия көш бастап келеді, ал одан кейін Фарер аралдары мен Молдова (4 ұпайдан) орналасқан.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie