locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

US Open жаттығуларының кестесінде Рыбакинаның есімі пайда болды

Елена маусымдағы Үлкен дулығаның соңғы турнирінде өнер көрсетуі мүмкін
Теннис
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: КТФ

Қазақстандық теннисші жарақатына қатысты жаңалықтардан кейін АҚШ ашық чемпионатындағы жаттығулар кестесіне енгізілді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Tennis Updates әлеуметтік желідегі X парақшасында әлемнің екінші ракеткасының Нью-Йорктегі жағдайына қатысты соңғы жаңалықпен бөлісті.

«Корттар әлі бөлінген жоқ, бірақ Елена Рыбакинаның есімі алғаш рет ертең сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өтетін жаттығулар кестесінде пайда болды. Ертең Цинциннатиде алған жарақатына тура бір апта толады», — деп жазды парақша.

Рыбакинаның жарақатына қатысты не белгілі

Еске салайық, қазақстандық теннисші Цинциннатиде өткен турнирдің ширек финалында польшалық Ига Швёнтекке қарсы матчта жарақат алған болатын. Кейін Рыбакина аяғындағы мәселе біраз уақыттан бері мазалап жүргенін, алайда жүктемеден кейін ауырсыну күшейіп, тіпті жүруі қиындағанын айтты.

US Open алдында қазақстандық спортшы аралас жұптық турнирге қатысудан бас тартты. Соған қарамастан, ол Нью-Йоркке барып, жанкүйерлер үшін қолтаңба сессиясын өткізді. Теннисші әзірге корттағы жаттығуларын қайта бастаған жоқ, алайда алғашқы матчыңа дейін дайындалып үлгеруге үмітті.

Рыбакина WTA рейтингін басқаруы мүмкін

US Open қорытындысы бойынша Елена Рыбакинаның мансабында алғаш рет әйелдер арасындағы жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы атануға мүмкіндігі бар.

  • Рыбакина US Open-ге қатыспай-ақ әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін: бұл қалай жүзеге асады

Ол үшін турнирдің жартылай финалына дейін жетуі қажет. Сонымен қатар қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенко, сондай-ақ америкалықтар Коко Гауфф пен Джессика Пегула US Open турнирінде жеңіске жетпеген жағдайда әлемнің бірінші ракеткасы атана алады.

Осылайша, Рыбакина турнирде бірде-бір матч өткізбей-ақ әлемдік рейтингті басқаруы мүмкін сценарий бар.

US Open әйелдер арасындағы жекелей сындағы алғашқы матчтар 31 тамыз және 1 қыркүйек күндеріне жоспарланған. Нью-Йорктегі турнирдің финалы 12 қыркүйекте өтеді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie