Шайдоров Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен қазақ тілінде құттықтады
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны US Open-2026 турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шайдоров Instagram Stories желісінде Рыбакинаның жеңісіне арналған жазба жариялады. Алдымен спортшы ағылшын тілінде «Тарих тағы да жасалды» деп жазып, кейін теннисшіге қазақ тілінде:
«Жеңісіңмен құттықтаймын! Алға, Елена!»
деп жолдады.
Жазбасында Шайдоров Қазақстанның бірнеше туын да жариялады.
Рыбакина бұған дейін US Open-2026 финалында Беларусь өкілі Арина Соболенконы үш сетте – 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, алғаш рет АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жеткен еді.
Қазақстандық теннисші үшін бұл «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титул. Бұған дейін Рыбакина Уимблдон-2022 және Australian Open-2026 жарыстарында чемпион атанған.
Ал 2026 жылдың ақпанында Михаил Шайдоров та тарихқа енді. Ол Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтаған болатын.