locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ролан Гарроста» жеңіске жеткен Мирра Андрееваның қанша табыс тапқаны белгілі болды

Мирра Андреева Париждегі жеңісінен кейін 1,6 млрд теңге тапты
«Ролан Гарроста» жеңіске жеткен Мирра Андрееваның қанша табыс тапқаны белгілі болды
ФОТО: Getty images

Ресейлік теннисші Мирра Андреева «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің чемпионы атанып, рекордтық сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Үлкен дулыға» турнирінің финалында әлемнің сегізінші ракеткасы польшалық Майя Хвалиньсканы сенімді түрде жеңді. Польша өкілі қазіргі таңда WTA рейтингінде 114-орында тұр.

Финалдық матчта ресейлік теннисші қарсыласын 6:3, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Кездесу небәрі 1 сағат 15 минутқа созылды.

Андреева Париждегі жеңісінен кейін миллиардтаған сыйақы алды

Франция ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін 19 жастағы теннисші 2,8 миллион еуро көлемінде сыйақы иеленді.

Қазіргі бағам бойынша бұл шамамен 1,6 миллиард теңгені құрайды.

Сонымен қатар бұл жеңіс Мирра Андрееваға WTA рейтингінің 2000 ұпайын әкеліп, әлемдік теннистегі позициясын айтарлықтай күшейтті.

Мирра Рыбакинаны көшбасшылықтан ығыстырды

Париждегі жеңістен кейін Андреева WTA чемпиондық жарысының бірінші орнына көтерілді.

Ресейлік теннисші осыған дейін маусымдық рейтингте көш бастап тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны артта қалдырды.

Қазақстандық спортшы «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында украиналық Юлия Стародубцевадан күтпеген жерден жеңіліп, көшбасшылықтан айырылған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie