Ролан Гаррос-2026 чемпионкасы анықталды
Мирра Андреева мен Майя Хвалиньска Ролан Гаррос-2026 финалында әйелдер арасындағы жекелей сында айқасты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жеңісті бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік теннисші тойлады.
19 жастағы Андреева да, оның қарсыласы да алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалында ойнады. Бұл олардың алғашқы бетпе-бет кездесуі болды.
Осылайша, Мирра Андреева өзінің мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды.
Еске сала кетейік, Франция ашық чемпионатының жартылай финалында ресейлік ойыншы украиналық Марта Костюкты сенімді түрде ұтты. Хвалиньска жартылай финалда Диана Шнайдерді жарыс жолынан шығарды.
Айта кетейік, жексенбі, 7 маусым күні Қазақстан өкілі Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сында финалға шығады.
Ролан Гаррос 2026. Финал
Майя Хвалиньска (Польша) [Q] – Мирра Андреева [8] – 3:6, 2:6