locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мирра Андреева Рыбакинаны WTA чемпиондық жарысындағы бірінші орыннан ығыстырды

Рыбакина әлемнің 55-ракеткасынан жеңілгеннен кейін көшбасшылықтан айырылды
Мирра Андреева Рыбакинаны WTA чемпиондық жарысындағы бірінші орыннан ығыстырды
ФОТО: Getty images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос»-2026 турниріндегі сәтсіз өнерінен кейін WTA чемпиондық жарысындағы көшбасшылықтан айырылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық теннисші бірден үшінші орынға түсіп, Мирра Андреева мен Арина Соболенконы алға жіберіп алды.

Рыбакина сенсациялық жеңілістен кейін көш бастау мүмкіндігін жоғалтты

Франция ашық чемпионаты аяқталғанға дейін дәл Елена маусымның чемпиондық жарысында бірінші орында тұрған еді.

Алайда қазақстандық спортшы күтпеген жерден турнирдің екінші айналымында жеңіліп қалып, көшбасшылықты сақтап қала алмады.

Рыбакина әлем рейтингінде 55-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцеваға есе жіберді.

Матч 6:3, 1:6, 6:7 есебімен аяқталды.

Ерте жеңілістен кейін қазақстандық теннисші небәрі 70 ұпай еншілеп, жалпы көрсеткішін 4388 ұпайға жеткізді.

ФОТО: Getty images

Мирра Андреева маусымның жаңа көшбасшысы атанды

Ал «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің басты жеңімпазы 19 жастағы ресейлік Мирра Андреева болды.

Париждегі жеңісінен кейін ол 2000 ұпай жинап, 4928 ұпаймен WTA чемпиондық жарысының бірінші орнына көтерілді.

Сондай-ақ Андреева әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы да басып озды. Беларусь теннисшісінің еншісінде қазір 4510 ұпай бар.

Финалда ресейлік теннисші польшалық Майя Хвалиньсканы 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұл Мирра Андреева үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі алғашқы чемпиондық атақ болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie