locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакинаны жеңген теннисші алғаш рет әлемдік рейтингтің топ-100 тізіміне енді

Алина Чараева Пекиндегі сәтті өнерінен кейін жеке рекордын жаңартты
Рыбакинаны жеңген теннисші алғаш рет әлемдік рейтингтің топ-100 тізіміне енді
Фото: АТР

Пекиндегі турнирде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны жеңген Армения өкілі Алина Чараева алғаш рет WTA рейтингінің алғашқы жүздігіне енді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жаңартылған рейтингте 24 жастағы спортшы 118-орыннан 98-орынға көтерілді. Бұл көрсеткіш оның кәсіби мансабындағы ең үздік нәтиже болды.

Чараева Рыбакинамен 3 қазанда Пекиндегі WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында кездесті. Армения өкілі алғашқы сетте жеңіліп қалғанымен, кездесу барысын өзгертіп, 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Келесі раундта ол британдық Сонай Карталды 6:4, 6:1 есебімен ұтты. Чараеваның турнирдегі жолы 1/8 финалда үзілді: ол қытайлық Чжэн Циньвэньге үш сетте — 1:6, 6:2, 4:6 есебімен есе жіберді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie