locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл жай ғана ғарыш»: ресейлік блогер Сатпаевтың Англиядағы болашағын бағалады

Қазақстандық шабуылшы АПЛ жеңімпаздарынан тәжірибе жинай алады
Фото: Бернли

Ресейлік блогер Mr.Panama.Football Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың «Бернлидегі» болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Автор қазақстандық футболшының бұған дейін ағылшын Премьер-лигасында жеңіске жеткен тәжірибелі футболшылар — Кайл Уокер мен Джейми Вардиге жақын жүргенін атап өтті.

«Қазір ол олардың жанында жүріп, осы тәжірибенің бәрін бойына сіңіріп жатыр. Бұл жай ғана ғарыш», — деді блогер.

Ол сондай-ақ Сатпаевтың жарақаттан кейін алаңға оралғанына қуанып, форвардты ағылшын клубының негізгі құрамынан көргісі келетінін айтты.

Еске салайық, 10 қазанда «Бернли» сырт алаңда «Уотфордты» ойсырата жеңді — 4:0. Осылайша команда Чемпионшиптің қазіргі маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Сатпаев 74-минутта алаңға шығып, Якоб Бруун Ларсенді алмастырды.

18 жастағы қазақстандық футболшы үшін бұл матч жарақатынан кейінгі алғашқы кездесу болды. Осыған байланысты ол бір айдан астам уақыт ойындарға қатыса алмаған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie