locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» ҚХЛ-дағы тартысты матчта «Сибирьден» жеңілді: кездесудің бейнешолуы

Астаналық «Барыс» Новосібірдің «Сибирь» командасына қарсы өз алаңындағы матчта жеңісті соңғы кезеңде уысынан шығарып алды
«Барыс» ҚХЛ-дағы тартысты матчта «Сибирьден» жеңілді: кездесудің бейнешолуы
ФОТО: ХК Барыс

Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында өкінішті жеңіліске ұшырады. Новосібірдің «Сибирь» командасына қарсы кездесу 2:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қонақтар 12-минутта Никита Никулиннің шайбасының арқасында есеп ашты. Алайда астаналықтар көп күттірмей жауап қайтарды. Алдымен Мэйсон Морелли есепті теңестірсе, бірінші кезеңнің соңына қарай Кирилл Савицкий «Барысты» алға шығарды.

Екінші кезеңде қос команда да гол соға алмады. Осылайша, кездесудің тағдыры шешуші жиырма минуттықта анықталды.

51-минутта Тэйлор Бек сан басымдығын пайдаланып, есепті теңестірді. Арада бес минут өткенде Владислав Тютнев жеңіс шайбасын соғып, «Сибирьге» жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Барыстың» қатарынан үш матчқа созылған жеңісті сериясы үзілді. Елордалық клуб 16 ұпаймен Шығыс конференциясының бесінші орнына түсті.

Назарларыңызға «Барыс» пен «Сибирь» арасындағы кездесудің барлық шайбалары мен маңызды сәттері қамтылған бейнешолуды ұсынамыз.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie