locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакинаның Лондондағы турнирде кіммен ойнайтыны белгілі болды

Рыбакина Лондондағы беделді турнирдегі алғашқы қарсыласын білді
Рыбакинаның Лондондағы турнирде кіммен ойнайтыны белгілі болды
ФОТО: Getty images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтетін беделді WTA 500 The Queen’s Club Championships турнирінің жеребесін білді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық теннисші жарыста бірінші нөмірмен тіркеліп, турнирді бірден екінші айналымнан бастайды.

Елена алғашқы матчында грекиялық Мария Саккари мен іріктеу кезеңінен өткен теннисшілердің бірінің арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Қазіргі таңда Саккари WTA рейтингінде 49-орында тұр.

Лондондағы шөп жабындысындағы турнир 8-14 маусым аралығында өтеді.

ФОТО: Getty images

Рыбакина Париждегі сәтсіздіктен кейін шөп маусымын бастайды

Қазақстандық теннисші үшін соңғы турнир «Ролан Гаррос»-2026 болды.

Франция ашық чемпионатында Рыбакина күтпеген жерден екінші айналымда украиналық Юлия Стародубцеваға есе жіберіп, турнирден ерте шығып қалды.

Осы жеңілістен кейін қазақстандық теннисші WTA чемпиондық жарысындағы көшбасшылықтан айырылып, Мирра Андреева мен Арина Соболенкодан кейін үшінші орынға түсті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie