Видео: Португалия матчындағы жанжал: Леау Чили футболшысын ұрып жіберді
Португалия құрамасы мен италиялық «Милан» клубының шабуылшысы Рафаэл Леау Чилиге қарсы жолдастық матчта өрескел әрекеті үшін алаңнан қуылды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлем чемпионаты-2026 турниріне дайындық аясында өткен кездесу португалиялықтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Леау қарсыласын жұдырықпен ұрып, қызыл қағаз алды
Матчтағы ең даулы сәт бірінші таймның соңына таман болды.
Қақтығыс кезінде Рафаэл Леау Чили құрамасының қорғаушысы Иван Романның бет тұсынан жұдырықпен ұрып жіберді. Осыдан кейін чилилік футболшы жерге құлап, көзінің маңын ұстап жатты. Кейін оған медициналық көмек көрсетілді.
Кездесудің бас төрешісі Лука Дзуфферли үзілістен кейін екі футболшыға да тікелей қызыл қағаз көрсетті - Леау мен Роман алаңнан қуылды.
Еске салайық, әлем чемпионаты-2026 турнирінде Португалия құрамасы K тобында Өзбекстан, Колумбия және Конго ДР құрамаларымен кездеседі.