Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орынға шыққаннан кейін Қазақстанға арнап жазба жариялады
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанғаннан кейін Instagram желісіндегі алғашқы жазбасын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Сенсең, бәрі де мүмкін! Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, тарихта із қалдырып, еліміздің бірінші ракеткасы атанғанымды мақтан тұтамын», — деп жазды спортшы.
Еске салайық, Қазақстан өкілі Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің ширек финалында қытайлық Чжэн Циньвэньді үш сетте жеңді — 3:6, 6:1, 6:4. Осы жетістігінен кейін Рыбакинаны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады. Мемлекет басшысы WTA рейтингінің бірінші сатысына көтерілу — Рыбакинаның феноменалды таланты, орасан зор еңбегі және өзіне деген мызғымас сенімі арқасында бағындырған спорттық шың екенін атап өтті.
Айта кетейік, Арина Соболенко WTA рейтингінің бірінші сатысындағы орнын қатарынан 99 аптадан кейін босатады.
US Open жартылай финалында Рыбакина америкалық Кори Гауффпен кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 12 қыркүйек таңертең өтеді деп күтілуде.