Рыбакина US Open басталар алдында ақшалай сыйлық алды
US Open басталар алдында турнир ұйымдастырушылары қатысушыларға сыйлық жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Нью-Йоркке келгеннен кейін теннисшілерге 2,5 мың долларлық Uber сертификаты және номиналы 1 мың доллар болатын American Express сыйлық картасы табысталды. Бұл туралы US Open ұйымдастырушылары турнирдің әлеуметтік желідегі X ресми парақшасында хабарлады.
«Жағымды тосынсый! Нью-Йоркке келгеннен кейін ойыншыларға 2,5 мың долларлық Uber сертификаты және 1 мың долларлық American Express сыйлық картасы табысталды. Бұл оларға турнирге қатысу және «Үлкен дулыға» титулы үшін күрес барысында шығындарын өтеуге көмектеседі», — делінген US Open-нің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Қазақстан атынан US Open-2026 турнирінің жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко өнер көрсетеді.
Бірінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 580-орында тұрған 17 жастағы америкалық Тея Фродинмен кездеседі.
Путинцева әлемдік рейтингте 12-орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичке қарсы ойнайды.
Александр Бубликтің алғашқы қарсыласы әлемдік рейтингте 248-сатыда тұрған америкалық Джеффри Вулф болады.
Ал Шевченко бірінші айналымда ATP рейтингінде 101-орында тұрған хорватиялық Дино Прижмичпен кездеседі.