Рыбакина Соболенконы артта қалдырды: WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) 2026 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша чемпиондық жарыстың жаңартылған рейтингін ұсынды. Бірінші орынды Қазақстан өкілі Елена Рыбакина сақтап қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық теннисшінің еншісінде 7502 рейтингтік ұпай бар. Ең жақын ізбасары — 6560 ұпай жинаған Беларусь өкілі Арина Соболенко. Осылайша, Рыбакинаның басымдығы 942 ұпайды құрайды.
Үшінші орында ресейлік Мирра Андреева (6306) тұр. Одан кейін америкалық теннисшілер Джессика Пегула (5835) мен Кори Гауфф (5774) орналасқан.
Айта кетерлігі, чемпиондық жарыстың алғашқы сегіздігі алдыңғы жаңартумен салыстырғанда өз орындарын сақтап қалды. Үздік ондықтағы жалғыз өзгеріс Ига Швёнтек пен Марта Костюк арасында болды: польшалық спортшы тоғызыншы орынға көтерілді.
Рыбакина маусым қорытындысы бойынша ең мықты теннисшілер бақ сынайтын WTA қорытынды турниріне қатысуға жолдама алып қойды.
Еске сала кетейік, чемпиондық жарыс спортшылардың тек ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде жинаған ұпайларын есепке алады және маусымның қорытынды турниріне қатысушыларды анықтайды.