Кукушкин Almaty Open турнирін жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Алматыда өтіп жатқан Almaty Open ATP 250 турнирінің алғашқы айналымынан сәтті өтіп, Грекия өкілі Стефанос Сакелларидисті жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
ATP 250. Алматы (Қазақстан). Бірінші айналым
Михаил Кукушкин (Қазақстан) – Стефанос Сакелларидис (Грекия) – 7:6 (7:4), 7:6 (7:3).
Әлемдік рейтингте 389-орында тұрған 38 жастағы қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінен өтіп, негізгі жарысқа жолдама алған әлемнің 133-ракеткасын тізе бүктірді. Тартысты кездесу 2 сағат 14 минутқа созылып, екі сеттегі жеңімпаз да тай-брейкте анықталды.
Матч барысында Кукушкин бір эйс жасап, бір қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Осы жеңісінің арқасында ол өз елінде өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына жолдама алды.
Еске салайық, бұған дейін Михаил Кукушкин кәсіби мансабын аяқтау туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын. Теннисші бұл қадамға бару оңай болмағанын мойындады.
Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Direct to Mobile технологиясының арқасында Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында пайдалана алады.