locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шакира Пикемен ауыр айырылыстан кейін Бішкекте мәлімдеме жасады

Шакира Жерар Пикемен болған даулы айырылыстан кейін Бішкекте әсерлі сөз сөйледі
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Шакира Пикемен ауыр айырылыстан кейін Бішкекте мәлімдеме жасады
ФОТО: Getty images

Колумбиялық әнші Шакира Бішкекте өткен концертінде әйелдердің қайсарлығы, өмірлік қиындықтарды еңсеру және бір-біріне қолдау көрсету туралы әсерлі сөз сөйледі. Оның айтқандары жанкүйерлерге «Барселонаның» бұрынғы қорғаушысы Жерар Пикемен арадағы үлкен дау тудырған айырылысын қайта еске салды, деп хабарлайды Sports24.kz.

18 қазанда «Бішкек Арена» стадионында Шакираның Орталық Азиядағы алғашқы концерті өтті. Әнші әлемдік Las Mujeres Ya No Lloran («Әйелдер енді жыламайды») турнесі аясында өнер көрсетті. Кеш барысында ол танымал хиттерін орындап қана қоймай, көрермендермен өмірдің ауыр сынақтары мен қиындықтан кейін қайта күш жинаудың маңызы туралы ашық әңгімелесті.

«Қайырлы кеш, Бішкек! Қалдарыңыз қалай? Біз, әйелдер, қанша рет құласақ та, қайта тұруға күш табамыз. Әр сынақтан кейін бұрынғыдан сәл ақылдырақ, төзімдірек әрі күштірек бола түсеміз. Өзім ерекше құрметтейтін бір жазушы айтқандай, жалғыз жүргенде біз әлсіздеу әрі осал болуы мүмкінбіз. Ал басымыз қосылып, бір-бірімізге қолдау көрсеткенде, бізді ешкім жеңе алмайды», – деді Шакира сахнадан.

Әнші сөзінде Пикенің есімін тікелей атамағанымен, оның бұл ойлары соңғы жылдары басынан өткен оқиғаларды еріксіз еске түсірді. 2022 жылы Шакира мен «Барселонаның» бұрынғы футболшысы он жылдан астам уақытқа созылған қарым-қатынастарын тоқтатқанын мәлімдеген еді. Екеуінің Милан және Саша есімді екі ұлы бар.

Жұлдызды жұптың айырылысы әлемдік ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Кейін әнші басынан өткен ауыр кезеңдегі сезімдерін шығармашылығы арқылы жеткізе бастады. Әсіресе аргентиналық продюсер Bizarrap-пен бірге жазған әні үлкен резонанс тудырды. Тыңдармандар композиция мәтінінен Пике мен оның жаңа қарым-қатынасына қатысты ашық тұспалдарды байқады.

Уақыт өте келе Шакира жеке өміріндегі ауыр кезеңді шығармашылығының басты тақырыптарының біріне айналдырды. Оның Las Mujeres Ya No Lloran атты әлемдік турнесі де осы идеямен тығыз байланысты. Бішкектегі концертте әнші бұрынғы футболшымен айырылысына арналған танымал туындысын да орындады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie