locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина Нинбодағы трофейден кейін мәлімдеме жасады

Әлемнің бірінші ракеткасы WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті
Теннис
Рыбакина Нинбодағы трофейден кейін мәлімдеме жасады
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы әлеуметтік желіде әсерімен бөлісіп, финалдық матч пен марапаттау рәсімінен фотосуреттер жариялады.

«Мұнда екінші жыл қатарынан титулымды қорғағаныма өте қуаныштымын. Апта бойы керемет энергия мен атмосфера сыйлаған барлық жанкүйерлерге рақмет. Сіздердің қолдауларыңыз кортта маған үлкен мотивация береді. Әрдайым жанымнан табылатын командамa да зор алғысымды білдіремін», - деп жазды Рыбакина.

Еске салайық, жарыстың финалында қазақстандық теннисші Канаданың өкілі Лейла Фернандесті сенімді түрде жеңді — 6:2, 6:2. Кездесу бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Осы жеңістің арқасында Рыбакина Нинбодағы былтырғы титулын қорғап, маусымдағы төртінші және WTA турнирлеріндегі мансабындағы 15-ші трофейін жеңіп алды.

Рыбакина маусымдағы көшбасшылықты өз қолына алып, Соболенконы басып озды

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie