Кравец «Барыстың» «Автомобилистке» қарсы матчқа құрамын атады
26 қазанда ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында матч өтеді. Бұл кездесуде астаналық «Барыс» қонақтағы ойындар сериясын Екатеринбургтің «Автомобилистімен» матчпен жалғастырады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.
«Автомобилист» - «Барыс»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы. Онлайн көру
Астаналық команданың бас бапкері Михаил Кравец ойынға қатысатын құрамды жариялады.
«Барыстың» құрамы:
Шепард (Нурек);
Масси - Дэй, Томпсон - Пилон - Бэйли;
Маккошен - Данияр, Симонов - Морелли - Қайыржан;
Бритиков - Приски, Өмірбеков - Шестаков - Мұратов;
Бекетаев - Әлибек, Савицкий - Шайхмеденов - Асетов.
18 матчтан кейін «Барыс» 21 ұпай жинады. «Автомобилист» те дәл осынша ойын өткізіп, 18 ұпайға ие.
Алдыңғы матчта астаналық клуб сырт алаңда Владивостоктың «Адмиралына» овертаймда 4:5 есебімен есе жіберді. Ал Екатеринбург командасы өз алаңында мәскеулік ЦСКА-ны 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
Командалар биылғы маусымда 14 қазанда Астанада кездескен. Сол жолы «Барыс» 4:1 есебімен жеңіске жетті. Соңғы бес өзара матчта астаналық клуб үш рет жеңсе, «Автомобилист» екі рет басым түсті.