Бір жарым минутта соғылған екі шайба: «Барыс» «Автомобилистке» қарсы алғашқы кезеңді қалай өткізді
Осы минуттарда Екатеринбургте ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы матчтың алғашқы кезеңі аяқталды. Астаналық «Барыс» қонақтағы сериясы аясында «Автомобилистке» қарсы ойынын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кравец «Барыстың» «Автомобилистке» қарсы матчтағы құрамын атады
13-минутта алаң иелері алғашқы шайбасын соқты. Гол авторы — шабуылшы Максим Тарасов.
Арада бір жарым минут өткенде Михаил Кравец шәкірттері екінші голды өткізіп алды. Шайбаны шабуылшы Даниэль Спронг соқты.
Алғашқы кезеңде «Барыс» қарсылас қақпасына небәрі 4 рет дәл соққы жасады, ал қарсыластың бұл көрсеткіші — 14.
Алда екінші және үшінші кезеңдер бар.
Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.
«Автомобилист» – «Барыс»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы. Онлайн көру
Еске салайық, бұған дейінгі матчтарда «Барыс» «Амурдан» (2:5) және «Адмиралдан» (4:5 ОТ) жеңілді. 18 ойыннан кейін команда 21 ұпай жинады.