locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында рекордтық жүлде ала алады

US Open-2026 жүлде қоры рекордтық 108 миллион долларды құрайды
Теннис
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: КТФ

2026 жылғы АҚШ-тың ашық теннис чемпионаты Нью-Йорктегі Билли Джин Кинг атындағы Ұлттық теннис орталығында өтуде. Турнир 23 тамыздан 13 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Sports24.kz

Жекелей сындағы іріктеу матчтары 24 тамызда басталды, ал ерлер мен әйелдердің негізгі сетка ойындары 30 тамыздан басталады.

US Open-2026 жүлде қоры рекордтық 108 миллион долларды құрайды. Өткен жылғы турнирмен салыстырғанда, жалпы төлем көлемі 20 пайызға артқан. Екі жыл ішінде жүлде қоры 44 пайызға өсті.

Ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаздар 5,5 миллион доллардан алады. Бұл «Үлкен дулыға» турнирлерінің тарихындағы чемпиондарға берілетін ең ірі сыйақы болмақ. 2025 жылы US Open жеңімпаздары 5 миллион доллар алған болатын.

US Open-2026 жекелей сындағы жүлделер

  • Жеңімпаз – 5 500 000 доллар;
  • Финалист – 2 800 000;
  • Жартылай финал – 1 450 000;
  • Ширек финал – 780 000;
  • Төртінші айналым – 480 000;
  • Үшінші айналым – 290 000;
  • Екінші айналым – 190 000;
  • Бірінші айналым – 140 000.

Осылайша, негізгі сеткаға өткен, бірақ алғашқы матчта жеңілген спортшылардың өзі 140 мың доллардан алады. Бұл төлем 27 пайызға өсті және «Үлкен дулыға» турнирлерінің тарихындағы бірінші айналым үшін берілетін ең жоғары сома болды. Іріктеу кезеңінің бірінші айналымына қатысқандарға 32 мың доллардан беріледі.

Ерлер мен әйелдер арасындағы жұптық разрядта жеңімпаз командалар 1 миллион доллардан, финалистер 500 мыңнан алады. Микст турнирінің чемпиондарына да 1 миллион доллар қарастырылған.

Жалпы төлем сомасына USTA ойыншыларды қолдау бойынша жаңа бағдарламаға бағыттайтын 2 миллион доллар да кіреді. Қаражат ерлер мен әйелдер бағдарламаларына теңдей бөлінеді.

Рыбакинаның жарақаты туралы не белгілі

Еске сала кетейік, қазақстандық теннисші Цинциннатидегі турнирдің ширек финалында польшалық Ига Швёнтекке қарсы ойында жарақат алды. Кейін Рыбакина аяқ жарақаты біраз уақыттан бері мазалап жүргенін, бірақ жүктеменің артуына байланысты ауруы күшейіп, жүрудің өзі қиын болғанын айтты.

US Open алдында қазақстандық спортшы микст санатындағы турнирден бас тартты, алайда Нью-Йоркке келіп, жанкүйерлерге арнап автограф сессиясын өткізді. Дегенмен теннисші әлі кортқа оралып жаттығуды бастаған жоқ, бірақ алғашқы матчыңа дайын болуға үмітті.

Рыбакина WTA рейтингінде көш бастауы мүмкін

US Open нәтижесі бойынша Елена Рыбакина алғаш рет жекелей сында әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілуге мүмкіндік алады.

Ол үшін оған турнирдің жартылай финалына шығу қажет. Сонымен қатар, қазақстандық теннисші Беларусьтен Арина Соболенко, сондай-ақ америкалықтар Коко Гауфф пен Джессика Пегула US Open-ды жеңбесе, әлемнің бірінші ракеткасы атана алады.

Осылайша, Рыбакина бірде-бір матч өткізбесе де, әлемдік рейтингте көшбасшы атанатын сценарий бар.

US Open әйелдер арасындағы жекелей сындағы алғашқы матчтары 31 тамыз бен 1 қыркүйекке жоспарланған. Нью-Йорктегі турнир финалы 12 қыркүйекте өтеді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie