locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанның бірінші ракеткасы Ресей күнімен құттықтады

Александр Бублик Telegram-арнасында жазба жариялады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Ресей күнімен құттықтады
ФОТО: Getty images

Қазақстанның ерлер арасындағы теннис бойынша көшбасшысы Александр Бублик Telegram-арнасында Ресей күніне арналған құттықтау жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бублик Ресейдің Гатчина қаласында дүниеге келген және 2016 жылға дейін халықаралық жарыстарда Ресей намысын қорғаған. Кейін ол спорттық азаматтығын ауыстырып, Қазақстан атынан өнер көрсете бастады.

Қазақстан құрамасына ауысқаннан кейін Бублик ел тарихындағы ең табысты теннисшілердің біріне айналды. Қазіргі таңда ол ATP рейтингінде 11-орында тұр және Қазақстанның бірінші ракеткасы саналады. Сонымен қатар теннисші Қазақстан атынан Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарына қатысты.

Жұптық сында кортқа шықпады

Штутгарттағы ATP 250 турнирінде Александр Бублик пен австралиялық Ник Кирьос жұптық сындағы ширек финал матчына қатысқан жоқ. Қазақстандық-аустралиялық жұп эстониялық Даниил Глинка мен грек Стефанос Сакелларидиске қарсы ойнауы тиіс еді. Алайда олар белгісіз себептермен кездесуден бас тартты.

Сонымен қатар Бублик жекелей сында табысты өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстанның үздік теннисшісі ширек финалда франциялық Джованни Мпеши-Перрикарды жеңді. Кездесу шамамен бір жарым сағатқа созылып, қазақстандық спортшының 7:6, 7:6 есебімен жеңісімен аяқталды.

Осылайша Александр Бублик Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алып, чемпиондық атақ үшін күресті жалғастыруда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie