locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Өте керемет» – Путинцева Рыбакинаның үлесі мен Азия ойындарындағы мақсаттары туралы

Путинцева Қазақстанға аса маңызды жеңіс сыйлады
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Өте керемет» – Путинцева Рыбакинаның үлесі мен Азия ойындарындағы мақсаттары туралы
ФОТО: Getty Images

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Юлия Путинцева Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі Испаниямен ширек финалдық кездесуде Кристина Букшаны жеңгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Меніңше, бұл жақсы әрі тартысты матч болды, теннис деңгейі де жоғары еді. Қазақстан құрамасына ұпай әкелгеніме қуаныштымын, енді сөз жұптағы ойыншыларымызға беріледі», – деді Юлия Путинцева.

- Екінші сетте жеңіліп қалғаннан кейін ойынды өзгертіп, кездесуге қайта оралып, соңында үшінші сетте сенімді жеңіске жетуіңізге не көмектесті?

- Мен тіпті уайымдаған жоқпын. Өйткені неге екенін білмеймін, матчтарымның басым бөлігі үш сетке дейін созылады, бірақ мен мұны қаламаймын. Әйтеуір үнемі осылай болады. Иә, үшінші сетте қателік жібермеу үшін барынша шоғырландым. Мен: егер ол жеңгісі келсе, ұпайларды таза соққыларымен алуы керек, оның үстіне бірінші-екінші соққыларымен емес, деп ойладым. Өйткені ондай жағдайда не болуы мүмкін екенін түсінемін.

- Сіздің қарсыласыңызды үнемі көп жүгіртіп, алдыңғы шепте ойнауға мәжбүрлегеніңізге назар аудардық. Испания өкілінің Мексикадағы өткен аптадағы турнирден кейін Қытайға небәрі екі күн бұрын келгенін ескерсек, бұл тактика болды ма?

- Жоқ, менің ойымша, бұл менің ойын мәнерім – қарқынды өзгерту, кездесудің ырғағына бейімделу және қарсыласты корт бойымен қозғалыста ұстау.

- Алда Азия ойындары тұр. Енді осындай маңызды екі турнирге эмоциялық күшіңіз жете ме?

- Әрине, жетеді, өйткені мұндай турнирлер өте сирек өтеді. Эмоция да, күш те жеткілікті болады. Елге медаль әкелу үшін күресіп, барымызды саламыз.

- Қазақстаннан келген жанкүйерлердің қолдауы қалай әсер етті?

- Өз жанкүйерлеріңнің трибунада қолдау көрсетуі әрдайым керемет, бұл – ерекше сезім. Қазақстандық барабаншылар мен кернейшілер Үлкен дулыға турнирлеріне де келіп, бізді қолдаса екен деймін. Әрине, бұл менің арқамда емес, Лена Рыбакинаның арқасында спортқа деген қызығушылық артты. Көптеген жерде ойнаған кезде жанкүйерлер көп жиналып, жалауларын желбіретіп қолдау көрсетеді. Мұны көру өте керемет әрі жағымды.

Еске салайық, қазақстандық теннисші 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 52 минутқа созылды.

Матч барысында Путинцева 4 эйс жасап, бір қосарланған қателікке жол берді және жеті брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Путинцеваның жеңісінің арқасында Қазақстан құрамасы ширек финалдық қарсыласудағы есепті теңестірді – 1:1.

Сондай-ақ біздің сайттан Юлия Путинцеваның жеңісті матчының фоторепортажын және бейнешолуын көре аласыз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie