Путинцева АҚШ ашық чемпионатындағы сенсациядан кейін эмоциясын бөлісті
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының бірінші айналымында швейцариялық Белинда Бенчичті жеңгеннен кейін Instagram желісінде матчтан түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Қандай күн болды!» - деп жазды Путинцева жарияланымына.
Теннисшінің жазбасы World Boxing президенті әрі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкиннің де назарынан тыс қалмады. Ол жарияланымға лайк басқан.
US Open турнирінің бірінші айналымында Путинцева Бенчичті жеңді. Матч үш сетке созылып, 4:6, 7:5, 6:3 есебімен аяқталды. Қазақстандық теннисші алғашқы партиядан кейін жеңіліп жатты, алайда кездесудің барысын өзгертіп, жеңіске жетті. Матч 2 сағат 51 минутқа созылды.
«Бір сәтте менің ішімде Энди Роддик оянғандай болды. Бұл эйстердің қайдан шыққанын білмеймін. Бүкіл матч бойы допты сызыққа жақын жерге беріп жатқандай көрінді, бірақ доп сызықтарға тимеді. Кейін сызықтарға дәл түсіре бастадым. Осы қарқында жалғастыра аламын деп үміттенемін», — деді Путинцева корттағы сұхбатында әзілдеп.
Турнирдің екінші айналымында Путинцева Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Матч 3 қыркүйекте өтеді.