Елена Рыбакина US Open турнирін бастайды: қайдан көруге болады
Бүгін, 31 тамызда, WTA рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы жолын әлемдік рейтингте 580-орында тұрған 17 жастағы америкалық Теа Фродинге қарсы матчпен бастайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Фродин – Рыбакина матчы Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын осы жерден көруге болады.
US Open Рыбакина үшін Цинциннатидегі турнирден кейінгі алғашқы жарыс болмақ. «Мыңдық» турнирдің 1/16 финалында қазақстандық теннисші Тейлор Таунсендті 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Кейін Магдалена Фрехтен 6:4, 7:6 есебімен басым түсті. Үшінші матчта Рыбакина Диана Шнайдерді 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисші Ига Швёнтекпен кездесуді аяқтай алмады. Бірінші сетте есеп 4:1 болған кезде Рыбакина жарақатына байланысты матчты мерзімінен бұрын тоқтатты.
Оның US Open турнирінің алғашқы айналымындағы қарсыласы 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы АҚШ жасөспірімдер чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін негізгі кезеңге wild card алды. Фродин үшін алдағы матч ересектер арасындағы US Open негізгі кезеңіндегі дебют болады.
Қаңтар айында америкалық теннисші жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жартылай финалына дейін жетті. Бұған дейін Рыбакина мен Фродин өзара кездескен жоқ.
Рыбакина WTA рейтингін басқаруы мүмкін
US Open қорытындысы бойынша Елена Рыбакина мансабында алғаш рет жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші орнына көтерілуі мүмкін.
Ол үшін қазақстандық теннисші турнирдің жартылай финалына шығуы керек. Сондай-ақ Беларусь өкілі Арина Соболенко, америкалықтар Коко Гауфф пен Джессика Пегула US Open турнирінде жеңіске жетпеген жағдайда, Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атана алады.
Осылайша, Рыбакинаның турнирде бірде-бір матч өткізбей-ақ әлемдік рейтингтің көшін бастайтын сценарийі де бар.