locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина Токиодағы турнирге қатысатынын растады

Жапония астанасындағы жарыс 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді
Теннис
ФОТО: instagram.com/ningboopen

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода өтетін WTA 500 турниріне қатысатынын растады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Баршаңызға сәлем, бұл — Елена. Биыл Toray Pan Pacific Open турнирінде ойнау үшін Токиоға келетініме өте қуаныштымын.

Жапониядағы барлық жанкүйерлеріммен кездесуді және осы керемет турнирде қайтадан бақ сынау мүмкіндігін асыға күтемін. Токиода кездескенше», — деді Рыбакина өз Instagram парақшасындағы видеосында.

Айта кетейік, Жапония астанасындағы жарыс 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

Айтпақшы, Рыбакина қытайлық Нинбода өтіп жатқан турнирдегі өнерін жалғастыруда. Елена екінші айналымда қарсыласының ойыннан бас тартуына байланысты әлемнің 105-ракеткасы Полина Кудерметованы жеңді.

23 қазанда өтетін ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы WTA рейтингінде 128-орында тұрған польшалық теннисші Катажина Кавамен кездеседі.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie