locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик US Open-2026 турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші төрт сетте жеңіске жетті — матч 2 сағат 13 минутқа созылды
Теннис
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: КТФ

Қазақстандық теннисші Александр Бублик 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші айналымдағы матчта әлемнің 16-ракеткасы ATP рейтингінде 253-орында тұрған америкалық Джей-Джей Вольфпен кездесті. Бублик төрт сетте 6:4, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисшінің еншісінде 15 эйс және сегіз қос қателік бар. Бублик жеті брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Ал Вольф төрт эйс жасап, үш рет қос қателікке жол берді және брейк жасауға берілген сегіз мүмкіндіктің үшеуін жүзеге асырды.

Нью-Йорктегі матчқа дейінгі жеке кездесулерде Вольф 3:1 есебімен басымдыққа ие болған еді. Теннисшілер соңғы рет 2023 жылы Уимблдонның екінші айналымында кездескен. Сол жолы Бублик жеңіске жеткен.

Бубликтің келесі қарсыласы кім болады?

US Open-2026 турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисші аргентиналық Тьяго Аугустин Тиранте мен француз Адриан Маннарино арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

US Open турнирінің қазіргі чемпионы — испаниялық Карлос Алькарас. 2026 жылғы турнирдің негізгі кезеңі 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie