locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан U12 теннис кубогының жеңімпаздары анықталды

Астанада 12 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы Қазақстан теннис кубогы мәресіне жетті
Теннис
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: ktf.kz

Астанада 12 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы Қазақстан теннис кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Ұлдар мен қыздар арасындағы командалық теннис жарыстары «Beeline Arena» Ұлттық теннис орталығының корттарында өтті. Ел өңірлерінің 12 жасқа дейінгі құрамалары өзара бақ сынасты.

Турнир қорытындысы бойынша әрі ұлдар, әрі қыздар арасында Астана қаласының бірінші командасы (Астана-1) үздік атанды. Күміс жүлдені Астана-2 иеленсе, қола медаль Алматы-1 командасына бұйырды.

Жарыстың жалпыкомандалық есебі де шығарылып, басты трофейді Астана-1 командасы жеңіп алды. Екінші орынға Астана-2 тұрақтаса, үздік үштікті Алматы-1 түйіндеді.

Қазақстан U12 кубогының қорытынды нәтижелері:

Ұлдар:
1 - Астана-1
2 - Астана-2
3 - Алматы-1

Қыздар:
1 - Астана-1
2 - Астана-2
3 - Алматы-1

Жалпыкомандалық есеп:
1 - Астана-1
2 - Астана-2
3 - Алматы-1

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie