Қазақстан – Тайланд «Дэвис Кубогы» матчіне билеттер сатыла бастады
Командалар «Beeline Arena» Ұлттық теннис орталығының хард корттарында кездеседі
ФОТО: КТФ
Қазақстан мен Тайланд құрамалары арасындағы «Дэвис Кубогының» екінші Әлемдік тобы матчтарына билеттердің сатылымы басталды. Бұл кездесулер 2026 жылдың 18–19 қыркүйегінде Астанада өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ұлттық құрамалар «Beeline Arena» Ұлттық теннис орталығының хард корттарында кортқа шығады. Бұл қарсылықтың жеңімпазы командалық әлем чемпионатының бірінші Әлемдік тобында ойнау құқығына ие болады.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогы рейтингінде 42-орында, ал Тайланд командасы 60-орынды иеленіп тұр.
Қарсыласу бес матчтан тұрады — төртеуі жеке, біреуі жұптық кездесулер.
Ойын кестесі:
18 қыркүйек – матчтардың басталуы астана уақыты бойынша сағат 13:00-де
19 қыркүйек – матчтардың басталуы сағат 12:00-де
Қазақстан – Тайланд матчтарына билеттер Яндекс Афиша платформасында қолжетімді. Бағасы 5 000 теңгеден басталады және орын санатына байланысты өзгереді.
Қазақстан мен Тайланд құрамаларының толық құрамы кейінірек жарияланады.
Beeline-нан тиімді бағамен 24 сағаттық үй интернетін қосып, бірде-бір турнирді жіберіп алмаңыз.