locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан – Испания: Билли Джин Кинг кубогының ширек финалы алдындағы негізгі деректер

Қазақстан мен Испания арасындағы тартыс екі жекелей және бір жұптық матчтан тұрады
ФОТО: ФТК
23 қыркүйекте Қазақстанның теннистен әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Испания командасымен кездеседі. Матч Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан құрамасы турнирдің жартылай финалына тарихи жолдама үшін таласады. Ұлттық құрама Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне төртінші рет қатысып отыр. Бұған дейін қазақстандық теннисшілер бұл кезеңде 2022, 2023 және 2025 жылдары өнер көрсеткен. Өткен маусымда команда ширек финалға дейін жетіп, АҚШ құрамасына 1:2 есебімен жол берген.

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамалар рейтингінде жетінші орында тұр, ал Испания төртінші сатыда орналасқан. Сонымен қатар испан командасы турнирдің бес дүркін жеңімпазы саналады. Соңғы рет бұл атақты 1998 жылы иеленген.

Қазақстандық теннисшілер жарыстың финалдық кезеңіне сәуір айында Астанада Канада құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, жолдама алды. Жекелей кездесулерде екі жеңісті Юлия Путинцева қамтамасыз етсе, Анна Данилина мен Жібек Құламбаева жұптық матчта командаға ұпай әкелді. Ал Испания Словенияны дәл осындай есеппен — 3:1 жеңіп, финалдық кезеңге өтті.

Қазақстан құрамасына Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Соня Жиенбаева енді. Команда капитаны — Юрий Щукин.

Путинцева Билли Джин Кинг кубогының жекелей матчтарындағы жеңістер саны бойынша Қазақстан рекордшысы саналады — оның еншісінде 24 жеңіс бар. Турнирдегі жалпы жеңістерінің саны — 27. Тағы бір матчта жеңіске жетсе, ол Галина Воскобоеваның жалпы жеңістер саны бойынша ұлттық рекордын қайталайды.

Испания құрамасы сапында Кристина Букша, Кейтлин Кеведо, Джессика Бузас Манейро, Марина Бассольс Рибера және Сара Соррибес Тормо өнер көрсетеді. Команда капитаны — Карла Суарес Наварро. Букша WTA рейтингінің жекелей разрядында 35-орында, ал жұптық разрядта 14-сатыда тұр.

Қазақстан мен Испания арасындағы тартыс екі жекелей және бір жұптық матчтан тұрады. Келесі кезеңге өту үшін екі жеңіске жету қажет.

Кездесуде жеңіске жеткен команда 25 қыркүйекте өтетін жартылай финалда Чехия — Ұлыбритания жұбының үздігімен ойнайды.

Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі 22-27 қыркүйек аралығында өтеді. Әлем чемпионы атағы үшін сегіз ұлттық құрама бақ сынайды.

Бірде-бір турнирді жіберіп алмау үшін Beeline-ның тиімді бағамен 24 сағат ішінде қосылатын үй интернетін пайдаланыңыз.
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie