locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тарихи жеңіс! Луценко Азия ойындарында алтын алып, рекорд орнатты

Ол Азия ойындарының тарихында алтын медаль саны бойынша ең көп жүлде жеңіп алған қазақстандық спортшы атанды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: НОК РК

Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан жетінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, шосселік велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Қазақстан өкілі Алексей Луценко мәреге бірінші болып жетті. Оның нәтижесі – 4:13.11.

Күміс медальді Луценкодан 1 минут 58 секундқа қалып қойған Евгений Федоров иеленді. Қола жүлде Жапония өкілі Юха Тодомеге бұйырды. Қазақстанның тағы бір спортшысы Николя Винокуров жарысты жетінші орында аяқтады.

Бұл алтын медаль тәжірибелі велошабандоз үшін 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші жүлде болды. Жарыстың алғашқы күнінде Луценко жекелей жарыста да жеңіске жеткен еді.

Алексей Луценко – Қазақстанның велоспорт мектебінің жарқын өкілдерінің бірі. Кәсіби мансабында ол көптеген айтулы жетістіктерге қол жеткізді. Солардың қатарында 2012 және 2013 жылдары 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаттарында жеңіп алған екі алтын медалі бар. Сондай-ақ Луценко «Париж – Ницца» және «Вуэльта Испания» секілді беделді көпкүндік жарыстардың кезеңдерінде жеңіске жеткен.


Бүгін Алексей Луценко жазғы Азия ойындарында жеңіп алған алтын медальдерінің санын алтыға жеткізді. Осылайша, ол Азия ойындарының тарихында алтын жүлде саны бойынша ең көп медаль иеленген қазақстандық спортшы атанды.

Оның Азия ойындарындағы нәтижелері:
Инчхон-2014 – 1 алтын медаль;
Джакарта-2018 – 2 алтын медаль;
Ханчжоу-2022 – 1 алтын және 1 күміс медаль;
Айчи-Нагоя-2026 – 2 алтын медаль.


Бүгінге дейін қазақстандық спортшылар арасында алтын жүлде саны бойынша көш бастаған Константин Негодяев болатын. Ол Хиросима мен Бангкокта өткен Азия ойындарында каноэде ескек есуден бес алтын медаль жеңіп алған еді.

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 35 спорт түрінен медаль үшін 558 спортшы бақ сынап жатыр.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie