locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Александр Бублик US Open турнирінің екінші айналымындағы қарсыласын білді

Қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» турниріндегі жолын француз спортшысымен матчта жалғастырады
ФОТО: КТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында француз Адриан Маннариноға қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

ATP рейтингінде 67-орында тұрған Маннарино алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Француз бес сетте аргентиналық Тьяго Агустино Тирантены 4:6, 3:6, 6:3, 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу төрт сағатқа жуық уақытқа созылды.

  • «Бұл туралы көп ойлай берсең, көмектеспейді» – Бублик US Open жүлдесі туралы

Бублик пен Маннарино арасындағы US Open-нің 1/16 финалына шығу үшін өтетін матч 2 қыркүйекте болады. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Еске салайық, турнирдің алғашқы матчында ATP әлемдік рейтингінде 16-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик америкалық теннисші Джеффри Вулфты 3:1 (6:4, 6:2, 3:6, 6:1) есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші 18 эйс жасап, 10 рет қос қателік жіберді және брейк-пойнттардың 8-інің жетеуін пайдаланды. Ал америкалық спортшы 4 эйс жасап, 3 рет қос қателікке жол берді және 8 брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.

Айта кетейік, Бубликтің US Open-дегі ең үздік нәтижесі – 1/8 финал. Александр бұл кезеңге былтыр жеткен болатын.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie