14 жастағы қазақстандық теннисші Еуропада марапатқа ие болды
14 жастағы қазақстандық Ахмади Маханов Еуропалық теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) 2025 жылғы жетістіктері үшін «Жылдың шетелдік ойыншысы» (Еуропа елдерінен тыс) марапатын иеленді.
Осы маусымда Маханов 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Tennis Europe рейтингінде жылды 24-орында аяқтады. Жекелей сында ол Стокгольмде өткен Король кубогы турнирінде «Супер» санатындағы титулды жеңіп алды, ал жұптық сында үш турнирдің жеңімпазы атанды: Avenue Cup, Tim Esson және Brselav Open. Бұған қоса, Ахмади жекелей сайыста Tennis Europe турнирінің бірінде финалист болды.
Теннисші – Ақтөбе теннис мектебінің түлегі. Ол халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастырып, Қазақстанның әлемдік жасөспірімдер теннисіндегі абыройын арттыруда.
25 желтоқсанда Елена Рыбакина Қытайда жаттығуға кірісті.