locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әзірбайжан спортшылары Париж олимпиадасының медальдарын кері қайтаратын болды

Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Әзірбайжан спортшылары Париж олимпиадасының медальдарын кері қайтаратын болды
Фото: gettyimages

Әзірбайжан Ұлттық Олимпиада комитеті Париж Олимпиадасында спортшылары иеленген бес медальды кері қайтаруға өтініш беретінін мәлімдеді.

Әзірбайжан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз хатшысы Мурад Фарзалиевтің айтуынша, екі спортшының жүлдесі ғана қалыпты күйінде.

“Хидаят Гейдаров пен Магомедхан Магомедовтен басқа спортшыларымыздың медалдерінің сапасы нашар екені байқалды. Халықаралық Олимпиада комитетіне барлық спортшымызды жаңа медальмен қамтамасыз етілуі үшін өтініш жасаймыз”, – деді ол.

Бұған дейін әлемнің жүздеген спортшысы Париж Олимпиадасында иеленген жүлделерінің сапасына қатысты шағым айтқан болатын. Олар иеленген медальдар ай өтпей жатып, бояуы кеткен. Сондай-ақ, кейбір қола жүлделер қарая бастаған. Осыдан кейін Францияда Олимпиада ұйымдастыруға жауаптылар өтінім берген спортшылардың жүлдесін сапалы медальға ауыстыратындығын хабарлады.

Универсиада-2025. Қазақстан құрамасы сегізінші орыннан тоғызыншыға сырғыды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie