locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жұртшылықты таңғалдырды: қазақстандық дзюдошы Лозаннадағы Grand Slam турнирінің финалына шықты

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы турнирдің финалисі атанды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: sportarena.kz

Қазақстандық спортшы жарыстың жартылай финалында БАӘ өкілі Георгий Элбакиевті жеңді.

Қазақстандық дзюдошы жанкүйерлерді таңғалдырған өнер көрсетіп, екі «юко» ұпайын еншісіне жазды. Осыдан кейін оның қарсыласы жауап қайтара алмады. Осылайша, Жұбаназар Лозаннадағы Grand Slam турнирінің 81 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы финалисі атанды.

Алтын медаль үшін қазақстандық дзюдошы Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевпен белдеседі.

Абылайхан Жұбаназардың Grand Slam-2026 финалына дейінгі жолы:

1/64 финал: Петр Млади (Чехия) – «иппонмен» жеңіс;

1/32 финал: Владислав Колобов (Украина) – екі «вазари» арқылы жеңіс;

1/16 финал: Заур Двалашвили (Грузия) – «иппонмен» жеңіс;

1/4 финал: Егор Сухопаров (Ресей) – «юко» арқылы жеңіс.

Grand Slam турнирі 28-30 тамыз аралығында Лозаннада өтуде. Жүлделер үшін 77 елден келген 513 дзюдошы бақ сынауда.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie