locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Винокуровтың ұлы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайды

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында велоспорттан өнер көрсетеді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: olympic.kz

Қазақстанның тасжолдағы велоспорттан ұлттық құрамасы 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындарында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы қыркүйек айында Жапонияда өтетін жарысқа қатысатын спортшылардың есімдерін жариялады.

Айта кетейік, тізімде аты аңызға айналған велошабандоз Александр Винокуровтың ұлы Николя Винокуров та бар.

Olympic.kz мәліметінше, алдағы ойындарда Қазақстан сапында Алексей Луценко мен Евгений Фёдоров та өнер көрсетеді.

Велошабандоздар ұзындығы 160 шақырымды құрайтын топтық жарыста сынға түседі. Сонымен қатар Луценко жекелей уақытқа жарыста да Қазақстан намысын қорғайды.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Қосымша айта кетсек, Александр Винокуров 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында тасжолдағы топтық жарыста чемпион атанған. Сондай-ақ ол беделді «Вуэльта Испания» көпкүндігін 2006 жылы жеңіп алған.

Мансабын аяқтағаннан кейін Винокуров аға XDS Astana Team командасының бас менеджері атанды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie