locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Халықаралық шахмат федерациясының басшысы болып сайланды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Казинформ

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының басшысы болып сайланды, деп хабарлайды Sports24.kz.

FIDE-нің жаңа басшысын сайлау Халықаралық шахмат федерациясының Самарқандта өткен Бас ассамблеясында өтті. Турловпен бірге FIDE президентінің орынбасары лауазымына шахматтан бес дүркін әлем чемпионы Вишванатан Ананд ұсынылды.

Бос лауазымға неміс кәсіпкерлері Ян-Хенрик Бюттнер мен Вадим Розенштейн де үміткер болды.

Турлов ұйымға цифрлық платформа құруға көмектескісі келетінін айтты:

«Мен FIDE-нің цифрлық, кәсіби әрі заманауи болғанын, беделі мен ықпалын арттырғанын және цифрлық әлемде өз орнын таба алғанын қалаймын».

Еске салайық, Турлов Қазақстан шахмат федерациясын 2023 жылдан бері басқарып келеді. FIDE мәліметінше, Қазақстанда шахматты мектептегі білім беру жүйесіне енгізу бағдарламасы 1 500-ден астам мектеп пен шамамен 60 мың баланы қамтыды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie