locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тарихи жетістік: Қазақстан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының командалық турнирінде чемпион атанды

Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық турнирінде жеңіске жетті
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: НОК РК

Қазақстанның дзюдо құрамасы Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық турнирінде тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Финалда Қазақстан құрамасы Бразилиямен кездесті. Негізгі белдесулер тең аяқталды – 3:3, содан кейін жеңімпазды анықтау үшін қосымша жекпе-жекке жеребе тасталды. Жеребе нәтижесінде 48 кг салмақ дәрежесі таңдалды. Шешуші белдесуде Иянат Жұбатқан Қазақстанға чемпиондық атақты сыйлады.

Финалда Қазақстан құрамасының сапында Ғабит Расулхан (-60 кг), Інжу Жұмажан (-63 кг), Еркен Бекәлі (-81 кг), Тоғжан Төлебай (+63 кг), Әділжан Жәудінов (+81 кг) және Иянат Жұбатқан (-48 кг) өнер көрсетті.

Чемпиондық жолында қазақстандықтар бірінші айналымда Болгарияны 4:1 есебімен жеңді. Әрі қарай, ширек финалда Жапонияны 4:2, ал жартылай финалда Өзбекстанды да дәл осындай есеппен ұтты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық турнирінде жеңіске жетті.

Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының жекелей сайысында да сәтті өнер көрсетіп, 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. 10 жүлдемен команда жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

Индивидуалды және аралас командалық турнирдегі осындай тарихи нәтижелер Қазақстан дзюдо федерациясының жүйелі жұмысының, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауының жемісі болды.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie