locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тағы да ойсырай жеңілді: қазақстандық балуан АҚШ өкілінен әлем чемпионатында ұтылды

Бұл жолы Риза Изахарды америкалық қарсыласы ойсырата жеңді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: sportarena.kz

Қазақстан атынан сынға түскен Риза Изахар Братиславада өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында америкалық балуан Дрешан Россқа қарсы айқаста сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Еркін күрестен қазақстандық балуан қарсыласынан «құрғақ» есеппен, 0:10 нәтижесімен ірі жеңіліске ұшырап, жарыстың 1/8 финалына өте алмады.

Енді 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін Риза Изахар тек «жұбаныш белдесуіне» үміт артады.

Шілде айында Изахар Таиландта өткен 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізе алмай, үшінші орын үшін белдесуде жеңіліп қалған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін атақты қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы балуан Самир Дурсунов та 1/8 финалда АҚШ спортшысына тосыннан жол берген еді. 97 келіде басты фавориттердің бірі саналған еркін күрес шебері америкалық Майкл Бойлға 0:10 есебімен ойсырай ұтылды.

Бұған дейін грек-рим күресінен қазақстандық Қазыбек Қалмағамбетов 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған. Ол финалда беларусь Михаил Марковскийді тізе бүктіріп, Словакияда өткен жаһандық додада бес қарсыласын да жеңіп, 67 келі салмақта тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты Братиславада (Словакия) 16-23 тамыз аралығында өтуде.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie